Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы  туралы МӘЛІМЕТ (2012-2018ж.ж.)

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №393 қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым-2012» атты  байқауы өткізілді.

 «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауына аудандар мен Тараз қаласынан жалпы орта білім беретін 8 мекеме (Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Жамбыл ауданындағы С.Макаренко атындағы орта мектебі, Жуалы ауданындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қордай ауданындағы Д.Қонаев атындағы №1 гимназиясы, Меркі ауданындағы №39 гимназиясы, Талас ауданындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Тараз қаласындағы №1 гимназия және облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты) қатысты. Байқауға қатысушы орта мектептердің құжаттары 11 өлшемдер бойынша сарапталды.

Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің  жұмыстарын саралай келе, Тараз қаласындағы  №1 гимназия жұмысының нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2012» атағына лайықты деп таныды.«Орта білім беретін үздік ұйым-2013» байқауы

2013 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» байқауына аудандар мен Тараз қаласынан жалпы орта білім беретін 8 мекеме (Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы орта мектебі, Жуалы ауданындағы Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясы, Қордай ауданындағы №4 орта мектебі, Меркі ауданындағы №44 орта мектебі, Сарысу ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Талас ауданындағы лицей-мектебі, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы және Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты) қатысты. Байқауға қатысушы орта мектептердің құжаттары 11 критерийлер бойынша сарапталды.

Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің  жұмыстарын саралай келе, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия жұмысының нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» атағына лайықты деп таныды.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2014» байқауы

2014  жылы жалпы орта білім беретін мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым-2014» байқауын ұйымдастырды.

Байқауға облыс бойынша 58 жалпы орта білім беретін мектеп өтініш беріп, оның ішінде 7-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан білім мекемелерін бағалау 11 критерийлер  бойынша жүзеге асырылды. Сараптамалық комиссиясының қорытындысы бойынша Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2014» атағына лайықты деп танылды.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын иеленген Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатына Жамбыл облысының әкімдігі 15 973 000 теңгенің сертификатын табыстады.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2015» байқауы

2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым-2015» грантын беруге арналған байқауы аудандық деңгейде өткізіліп, хаттамалары жинақталды. 2015 жылдың 13 наурызынан бастап облыстық байқауды өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің шешімдерімен 52 жалпы орта білім беретін мектептер қатысып, оның ішінде  9 мектеп облыстық байқауға жолдама алды.

Облыстық кезеңге өткен білім мекемелері 31 көрсеткіш бойынша бағаланды. Сараптамалық комиссиясының қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы №40 гимназиясының оқушылары соңғы үш жыл ішінде рейтингілік жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетті, республикалық халықаралық пән олимпиадаларынан, республикалық, халықаралық ғылыми жоба жарыстарынан оқушылары жүлделі орындарды иеленді. Педагогтары республикалық, халықаралық деңгейде жетістіктерге жетті. 87 педагогтың мақалалары облыстық, республикалық басылымдарға жарияланды және электрондық оқулықтарды шығарып, іс-тәжірибеге енгізді.

Гимназияда ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс жасау үрдісі оң жолға қойылған.

2015 жылдың 19 тамызында «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» тақырыбында өткізілген білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №40 гимназиясы марапатталып, 17 091 200 теңгенің (17 млн. 91 мың 200 теңге) сертификаты табыс етілді.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2016» байқауы

2016 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің      2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған байқауының аудандық І кезеңіне 53 жалпы орта білім беретін мектептер қатысып, оның ішінде 9 мектеп облыстық кезеңге өтті.

Байқаудың облыстық ІІ кезеңіне аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұсынымдары бойынша 9 жалпы орта білім беретін мектептер қатысуға өтініш берді.

Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 критерийдің 34 өлшемдері бойынша бағаланды. Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің жұмыстарын саралай келе, облыстық  «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің» жұмыс нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына лайықты деп таныды.

2016 жылдың 20 тамызында «Білімді ел - Мәңгілік ел» тақырыбында өткізілген білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі» марапатталып, 18 287 200 теңгенің (18 млн. 287 мың 200 теңге) сертификаты табыс етілді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым -2017» байқауы

2017 жылы 31 мамыр күні «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 51 мектеп қатысты, оның 11-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Байқаудың комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивті білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау жөніндегі ұсыныс-пікірлерін қорыта келе, облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы болып Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды және оған         19 567 200  теңге грантын төлеуге шешім шығарды.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсы туралы 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

        Конкурсқа облыс бойынша 34 мектеп қатысты, оның 8-і ІІ кезеңге  өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан  білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатына                      «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында 22 627 200 теңге  гранты табыс етілді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2018» грантын тағайындайтын конкурсы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

         Конкурсқа облыс бойынша 34 мектеп қатысты, оның 8-і ІІ кезеңге  өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан  білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатына                      «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында 22 627 200 теңге  гранты табыс етілді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2019» грантын тағайындайтын конкурсы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым-2019» грантын беруге арналған конкурстын отырысын өткізді.

         Конкурсқа облыс бойынша 32 мектеп қатысты, оның 7-і ІІ кезеңге  өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көп салалы гимназиясына                      «Келешекке – кемел біліммен!» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында 21 778 000 теңге  гранты табыс етілді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2020» грантын тағайындайтын конкурсы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

Конкурсқа облыс бойынша 101 мектеп қатысты, оның 11-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым – 2020» грантын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясының аясында  облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауының грант иегері «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясына»  облысы әкімі  Б.Сапарбаев  34 000 000 (отыз төрт миллион) теңге грантының сертификатын  табыстады.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2021» грантын тағайындайтын конкурсы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

Конкурсқа облыс бойынша 83 мектеп қатысты, оның 11-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Тараз қаласы, «Төле би атындағы №8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым – 2021» грантын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясының аясында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауының грант иегері Тараз қаласы, «Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ облысы әкімі Б.Сапарбаев 34 000 000 (отыз төрт миллион) теңге грантының сертификатын табыстады.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2022» грантын тағайындайтын конкурсы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

Конкурсқа облыс бойынша 136 мектеп қатысты, оның 11-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым – 2022» грантын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясының аясында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауының грант иегері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы мектеп-лицейі» КММ-не облысы әкімі Н.Нұржігітов 34 000 000 (отыз төрт миллион) теңге грантының сертификатын табыстады.

 

Мектеп басшыларына арналған облыстық онлайн семинары өтті

          2019 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          білім беру мазмұнын жаңартуда мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлаудың әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлау» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 443 адам қатысты.

Іс-шара барысында  білім сапасын арттыру бағытында мектептің даму жоспарын жасау әдістері ұсынылып, жаңартылған білім беру аясында мектептің даму жоспарын жасау тәсілдері қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің

                                                                     2016 жылғы 22 қаңтардағы

№ 67 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің

2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген

     

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге

арналған конкурсты өткізу қағидалары

 

І. Жалпы ережелер

  1. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасынасәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
        1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
           2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.
  3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.
    4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.
    5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.

 

  1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі

 

  1. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
  2. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
        2) II кезең – облыстық, Астана және Алматы қалалары, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсатында білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар әрбір деңгейде, облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (қала) әкімінің шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (қала) әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен конкурстық комиссия құрылады.
  2. I және II кезеңдердің конкурстық комиссияларының құрамына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандық (қалалық) білім саласы органдарының мамандары, тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім және ғылым саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері кіреді.
  3. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында конкурстың басталуына кемінде 1 ай қалғанда жариялайды және:

1) Конкурс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және тәртібін;

2) құжаттар қабылдау орнын және мерзімін қамтуы тиіс.

  1. Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурстық комиссия Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді төмендегідей өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
    1) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларынтиімді қолдану; 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны; Интернетке қосылу; жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);

2) сапалы білім беруді қамтамасыз ету (жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алған түлектер үлесі; жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі; қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі);

3) білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі; жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге жаңадан келген жас мамандар үлесінің серпіні; жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі; аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтардың үлесі; эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);

4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі);

5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту; тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету; балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы, мектепішілік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде  тұратын оқушылар санының үлесі));

6) педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің);

7) инклюзивтік білім алуға жағдай жасау (білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі);

8) соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы (жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні);
      9) білім беру сапасын басқару (оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі);
      10) білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, Ұлттық Бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі; оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі);

11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық

ұйымдармен жасалған шарттар саны; халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі).

  1. Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия облыстық (Астана және Алматы қалаларының) деңгейдегі конкурстық комиссияның қарауына материалдарды, сондай-ақ мектеп атауларын көрсете отырып, аудандық (қалалық) конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме жолдайды.
  2. Грант беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың отырыстары егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
    14. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
  3. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:

1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;

2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

Өтінімдер нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
      16. Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.

  1. Құжаттарын, құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  2. Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
  3. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және грант беру туралы шешім қабылдайды.
    20. Әр деңгейдегі конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелері қол қояды.
  4. Конкурс жеңімпаздары «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады.

Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

 

  1. Грантты төлеу конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Грант мөлшері республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.
          24. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері Грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

 

«Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қаласындағы филиалымен  бірлесе отырып,  ағымдағы жылдың  28 наурыз  күні  білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде эксперимент жүргізіп отырған  Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицейінің 4-сыныптарына (пилоттық сыныптар) сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне арналған  Т.Рысқұлов ауданы,           №1 мектеп-лицейінің  базасында   «Білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы сынақ: үдеріс пен нәтиже» тақырыбында облыстық  тәжірибелік семинар өткізді.

Аталған іс-шараға      педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері   оқушылардың өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру,  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдері мен заманауи білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары  бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға 61 мұғалім қатысты.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының өткізілуі туралы

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім  басқармасы «Білім туралы»                   2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына  сәйкес 2019 жылдың мамыр айында  Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауы өткізіледі.

   Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

  1. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
        2) II кезең – облыстық, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда конкурстың жеңімпазы анықталады.