Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы  білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізуде

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы  Тараз қаласы,  А.С.Пушкин  атындағы  №41 көпсалалы гимназиясының және Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің (пилотты мектептер) 9,10 сыныптарында оқулықтарды, Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 сыныптарында «Алғашқы  әскери және технологиялық  дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін және Тараз қаласы, №9 орта мектебінің  10 сыныптарындағы  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасы мен оқулықтарын  апробациялаудың мониторингісін жүргізуде, сонымен қатар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жүйесімен танысып, әдіскерлердің арасында  сауалнама жүргізді.

ҰБТ бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларыа арналған облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          мектептегі қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ді өткізудің тиімді жолдарын ұсыну, ақпараттық-әдістемелік көмектер беру мақсатында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 382 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шараға Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұрпейісов Мұхамеджан Кенжетайұлы, «Достық» білім беру орталығының директоры Ануарбек Хайрым шақырылды.

Іс-шара барысында мектептегі қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ді өткізудің тиімді жолдары ұсынылып, жауапты тұлғаларға ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

«Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 4 сәуірде Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 46 педагог қатысты.

«Қосымша білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет жұмысы»  тақырыбында  облыстық  тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 5 сәуір күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданы Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің базасында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына  арналған  «Қосымша  білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет жұмысы»  тақырыбында  облыстық  тәжірибелік  семинар     өткізілді,  барлығы 43  педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар әдістемелік қызмет жұмысын және тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер алды, заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына онлайн режимінде әдістемелік көмектер көрсетілді

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 2 сәуір күні Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік көмек көрсетілді.

Онлайн режиміндегі әдістемелік көмектер мектеп директорларының тәрбие, құқық ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне (қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих), барлығы 862 педагогқа көрсетілді.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.