МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Land» ЖШС-мен бірлесе отырып, мектепке дейінгі ұйымдарға цифрлық ресурстарды қолдану сапасын арттыру, BilimKids платформасын қолданушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйым басшыларына семинар өткізді.
Іс шара барысында нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің құжаттары (перспективалық жоспар, циклограмма, баланың жеке даму картасы), әдістемелік құжаттардың жүргізілуі, аттестацияға арналған құжаттар үлгісінің толтырылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 100 педагог қатысты.