Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«СабақTime» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабағында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті

2024 жылдың 5 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогтер Тараз қаласы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 8-11 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында тарих сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, пәнді оқытуда құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.
Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде Тараз қаласы мен Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының педагогтері Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен «Франция мен Испаниядағы «Халық майданы» қаншалықты тұрақты болды?» /8 сынып/, «Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым» /8 сынып/, «Кімдер сыбайлас жемқорлықтың субъектілері болып табылады?» /9 сынып/, «Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі» /10 сынып/, «Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы» /10 сынып/, «Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары» /11 сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қаласының тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 50 педагог қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында «Эффективные способы применения методов активного обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 наурыз күні «СабақTime» жобасы аясында «Эффективные способы применения методов активного обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті.
Іс-шараның теориялық бөлімінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді оқытудың әдістері, заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі талқыланды. Практикалық бөлімінде Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның базасында 8-10 сынып оқушыларымен «А.П.Чехов. «Сирена»» (8 сынып), «Белое чудо природы» (8 сынып), «Тема «маленького человека» в повести Н.В.Гоголя «Шинель»» (10 сынып), «Итоговый урок по рассказам А.П.Чехова» (8 сынып), «Тема торга и власти денег в пьесе А.Н.Островского «Бесприданница». Знаки препинания в сложных предложениях» (10 сынып), «Национальные блюда. Безличные предложения» (8 сынып) тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқытудың тиімді әдістері бойынша тәжірибе алмасты.
Облыстық ашық сабақтар цикліне 40 педагог қатысты.

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадасында облыстың 6 педагогі жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Республикалық байқауға облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 8 жас маман қатысып, 6-ы жеңімпаз атанды.
Республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І орындарды Жамбыл ауданы, Амангелді орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сейділдаев Ермек Ерболұлы, облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Қали Венера Садыққызы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Пиржанова Айсұлу Марксовна; ІІ орындарды Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің математика пәні мұғалімі Қожахмет Тәукехан Құнанбайұлы, Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жайма Алтынай Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акилбаева Айгерим Есмаганбетовна иеленді.
Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

«Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 6 наурыз күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған оқу сауаттылығы бойынша «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Есенбаева «Фастфуд тағамдарының зияны» тақырыбында, Айшабибі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Баймаханова “Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері” тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
Аталған онлайн дәріске барлығы 435 («1000 мектеп» жобасына енген мектептерден 225 оқушы) оқушы қатысты

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» БАЙҚАУЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында 2024 жылдың 5-6 наурыз күндері Алматы қаласында «ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ» атты республикалық байқау өтті.
Республикалық конкурс нәтижесі бойынша облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 6 педагог-психолог қатысып, 3-і жүлделі орындарға ие болды:
І орынды Тараз қаласы №18 орта мектебінің педагог-психологі Мария Суворина, ІІ орынды Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Айжан Сейтжапарова, ІІІ орынды Тараз қаласы, №41 көпсалалы гимназиясының педагог-психологі Алена Карикова иеленді.

Республикалық байқаудың жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!