«СабақTime» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабағында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті
2024 жылдың 5 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогтер Тараз қаласы Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 8-11 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында тарих сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, пәнді оқытуда құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.
Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде Тараз қаласы мен Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының педагогтері Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен «Франция мен Испаниядағы «Халық майданы» қаншалықты тұрақты болды?» /8 сынып/, «Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым» /8 сынып/, «Кімдер сыбайлас жемқорлықтың субъектілері болып табылады?» /9 сынып/, «Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі» /10 сынып/, «Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы» /10 сынып/, «Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары» /11 сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қаласының тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 50 педагог қатысты.