Қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытудың тиімді жолдары - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

 «Қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 5 наурызында  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы, Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ү.Сүгірбекованың  «Қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Ү.Сүгірбекова «Ұстаз – ұлы тұлға» бейнетаспасымен, педагогикалық портфолиосының мазмұнымен, шығармашылық жұмысымен  таныстырды. Көркем туындыны,  оқу-әдебиетті оқытудың негізгі мәселесі, көркем шығарманы оқыту мен талдау жұмыстары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 198 педагог қатысты.