Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн-семинар

2018 жылдың 15 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары»тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  жоғары оқу орындарының ғалымдары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары, мектеп педагогтары. Барлығы 321 педагог қатысты.

Семинар барысында нормативті-құқықтық негіздемесі, мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған қоса, іс-шараның ақпараттық-әдістемелік, дидактикалық таратпалы материалдары электронды және қағаз түрінде таратылды.