Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

Математика пәні мұғалімдеріне арналған  «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен          педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында  2024 жылдың  26-27 наурыз күндері  Өскемен қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика пәні мұғалімдерінен құрылған «Лидер» командасы III орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Педагогтердің әрқайсысы III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    Атап айтсақ, Тараз қаласы "125 Education" ЖШС орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жаңабаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің  математика пәні мұғалімдері  Ғани Еркеғали Ғаниұлы және  Бәйдібек Диас Асқарұлы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәні мұғалімі Таубаев Сержан Серікұлы.

   Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

    2024 жылдың 19 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында  «Білім берудегі ізденіс және инновациялық тәжірибе» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

   Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын,  білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ҰБТ-да, ББЖМ-де кездесетін әртүрлі мән-мәтіндегі тапсырмалар мен мәселелерді шешудің тиімді жолдары, математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты, әдістемелік көмек көрсетілді.

  Аталған іс-шараға облыстан 85 жас маман қатысты.

«Грамотный читатель» жобасы аясында«Формирование читательской грамотности, как условие повышения качества образования» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 19 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Грамотный читатель» жобасы аясында аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Формирование читательской грамотности, как условие повышения качества образования» тақырыбында облыстық семинар өтті.    

Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша мәтіндермен жұмыс түрлері мен ерекшеліктері, білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.

«Мектеп кітапханасы - оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстары алаңы» тақырыбында шеберлік сынып өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 наурыз күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Мектеп кітапханасы - оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстары алаңы» тақырыбында шеберлік сынып өтті.
Аталған іс-шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи әдістер мен таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында «Kіtaphana.edu.kz.» – білім беру ұйымдарындағы мектеп кітапханасының қоры және «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы іс-шараларының сандық есептері, «Bookfund.gov.kz» – Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі, «ETANDAU.GOV.KZ» - Электрондық платформаларында оқулықтарды таңдау автоматтандырылған жүйе бойынша ақпараттар беріліп, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді
Шеберлік сыныбына әдіскерлер мен 136 кітапхана қызметкерлері қатысты.